
3D суреттерін көру
30
3D суреттерін көру
3D көзілдірігін тағу арқылы 3D əсеріне сəйкес мазмұндары немесе бағдарламалары бар 3D суреттерін көруге
болады. “Қосымша керек жарақтар” (7-бет)
Бұл теледидар [Покадровый]
∗
1
, [Гориз.совмещенный]
∗
2
жəне [Вертик.совмещенный]
∗
3
3D пішімдерін қолдайды.
∗
1: Сол жəне оң көздер үшін суреттер жоғары сапалы анықтықпен жазылатын жəне кезекпен ойнатылатын 3D
пішімі.
∗
2,
∗
3: Басқа қол жетімді 3D пішімдері
●
3D суреттерін көру (31-бет)
Сақтаныңыз
3D көзілдірігін қауіпсіз əрі ыңғайлы пайдалану үшін, мына нұсқауларды толығымен оқып шығыңыз.
3D мазмұнын көру
●
Жарыққа қарсы аса сезімтал болсаңыз, жүрегіңіз ауырса немесе басқа да сырқаттарыңыз болса, 3D
көзілдірігін қолданбаңыз.
●
Егер шаршап тұрсаңыз, өзіңізді жақсы сезінбесеңіз немесе басқа қолайсыз сезінулер болса, 3D көзілдірігін
қолдануды дереу тоқтатыңыз. Əсерді [Регулировка 3D] арқылы орнатқанда, 3D суреттерінің көрінуі əр түрлі
кісілер үшін өзгеше болатынын ескеріңіз.
●
3D киносын көргеннен кейін тиісті үзіліс алыңыз.
●
3D ойындары немесе компьютерлері сияқты интерактивті құрылғылардан 3D мазмұнын көргеннен кейін
30 - 60 минут аралығында үзіліс жасаңыз.
●
Теледидардың экранын басқа адамдардың кездейсоқ басуына мұқият болыңыз. 3D көзілдірігін қолданған
кезде, пайдаланушы жəне экранның арасындағы қашықтық дұрыс бағаланбауы мүмкін.
●
3D көзілдірігін 3D мазмұнын көрген кезде ғана тағыңыз.
●
3D көзілдірігін Bluetooth сигналы бар басқа құрылғылардан əсері жоқ жерде пайдаланыңыз.
●
Егер көз ауруларына душар болсаңыз (жақыннан / алыстан көргіш, астигматизм, сол жəне оң жақ көзде
айырмашылығы), 3D көзілдірігін қолданудан бұрын көзіңізді емдеткеніңіз жөн.
●
3D мазмұнын көрген кезде қосарланған суреттерді таза көрсеңіз, 3D көзілдірігін қолдануды тоқтатыңыз.
●
3D көзілдірігін ұсынылған қашықтықтан аз қашықтықта қолданбаңыз.
Ұсынылған көру қашықтығы сурет биіктігінен кемінде 3 есе артық болуы тиіс.
TX-PR42XT50: 1,6 м немесе одан алыстау
TX-PR50XT50: 1,9 м немесе одан алыстау
Экранның жоғарғы жəне төменгі бөлігі қарайған кезде, мысалы кино көргенде, экранға дейінгі қашықтық нақты
суреттің биіктігінен кемінде 3 есе артық болуы тиіс. (Қашықтық жоғарыдағы суретте ұсынылғаннан жақынырақ
болады.)
3D көзілдірігін қолдану
●
3D көзілдірігін балалар қолданған кезде мұқият бақылаңыз.
3D көзілдірігін жасы 5 - 6 жастан төмен балалар пайдаланбағаны жөн. 3D көзілдірігін пайдаланғанда барлық
балалардың қауіпсіздігін жəне денсаулығын қамтамасыз ету үшін оларды ата-аналары немесе қамқоршылары
толық қадағалауы тиіс.
●
3D көзілдірігін қолданудан бұрын, байқаусыз зақымдану немесе жарақаттануды болдырмау үшін
пайдаланушының айналасында сынған заттар жоқ екенін тексеріңіз.
●
Құлап қалуды немесе жарақаттануды болдырмау үшін қозғалудан бұрын 3D көзілдірігін шешіңіз.
●
3D көзілдірігін тек белгілі бір мақсатта ғана қолданыңыз.
●
3D көзілдірігін жоғары температуралы шарттарда қолданбаңыз.
●
Егер 3D көзілдірігі физикалық түрде зақымданған болса, қолданбаңыз.
●
3D көзілдірігінің қасында қатты элетромагниттік толқындар шығаратын құрылғыларды (мысалы, ұялы телефон
немесе жеке радиотаратқыш) қолданбаңыз, 3D көзілдірігінің жарамсыздығына себеп болуы мүмкін.
●
Егер жарамсыздық немесе ақау пайда болса, 3D көзілдірігін қолдануды дереу тоқтатыңыз.
●
Егер қызылдық, ауыру немесе мұрын не самай маңында тері тітіркенуі болса, 3D көзілдірігін қолдануды дереу
тоқтатыңыз.
●
Кей жағдайларда, 3D көзілдірігіне қолданылған материалдар аллергиялық əсер беруі мүмкін.
Comentários a estes Manuais