
3D суреттерін көру
32
3D көзілдірігін қолдану
●
3D көзілдірігін балалар қолданған кезде мұқият бақылаңыз.
3D көзілдірігін жасы 5 - 6 жастан төмен балалар пайдаланбағаны жөн. 3D көзілдірігін пайдаланғанда барлық
балалардың қауіпсіздігін жəне денсаулығын қамтамасыз ету үшін оларды ата-аналары немесе қамқоршылары
толық қадағалауы тиіс.
●
3D көзілдірігін қолданудан бұрын, байқаусыз зақымдану немесе жарақаттануды болдырмау үшін
пайдаланушының айналасында сынған заттар жоқ екенін тексеріңіз.
●
Құлап қалуды немесе жарақаттануды болдырмау үшін қозғалудан бұрын 3D көзілдірігін шешіңіз.
●
3D көзілдірігін тек белгілі бір мақсатта ғана қолданыңыз.
●
3D көзілдірігін жоғары температуралы шарттарда қолданбаңыз.
●
Егер 3D көзілдірігі физикалық түрде зақымданған болса, қолданбаңыз.
●
3D көзілдірігінің қасында қатты элетромагниттік толқындар шығаратын құрылғыларды (мысалы, ұялы телефон
немесе жеке радиотаратқыш) қолданбаңыз, 3D көзілдірігінің жарамсыздығына себеп болуы мүмкін.
●
Егер жарамсыздық немесе ақау пайда болса, 3D көзілдірігін қолдануды дереу тоқтатыңыз.
●
Егер қызылдық, ауыру немесе мұрын не самай маңында тері тітіркенуі болса, 3D көзілдірігін қолдануды дереу
тоқтатыңыз.
●
Кей жағдайларда, 3D көзілдірігіне қолданылған материалдар аллергиялық əсер беруі мүмкін.
Литий батареясы
●
Батарея дұрыс салынбаса, жарылыс қаупі бар. Тек бірдей немесе баламалы түрімен ауыстырыңыз.
3D көзілдірігі
●
Осындай логотипі бар əрі Bluetooth
®
сымсыз технологиясын
қолдайтын берілген 3D көзілдірігін немесе Panasonic 3D көзілдірігін
пайдаланыңыз.
“Full HD 3D Glasses™” логотипі өнімдердің Full HD 3D Glasses Initiative лицензиялаған
белсенді ысырма 3D көзілдірік технология стандарттарына сəйкес келетінін көрсетеді.
Логотиптегі RF белгісі сымсыз жүйені (Bluetooth
®
сымсыз технологиясын) жəне бірдей
белгісі бар 3D көзілдірігі мен теледидарды бірге пайдалануға болатынын білдіреді.
Ескертпе
●
3D көзілдірігін теледидардан шамамен 3,2 м қашықтықта пайдаланыңыз. Теледидардан тым алыс жерден 3D
көзілдірігі арқылы 3D суреттерін көре алмайсыз, себебі теледидардан радио толқындарды алу қиын болады.
●
Ауқымы теледидар мен 3D көзілдірігі арасындағы кедергілерге немесе қоршаған ортаға байланысты азаюы
мүмкін.
●
3D көзілдірігінің көру ауқымында жеке адамдарға байланысты айырмашылықтар болады.
●
3D көзілдірігі көру ауқымының сыртында дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
●
3D көзілдірігін көруді түзету əйнектері үстінен тағуға болады.
3D көзілдірігін сақтау жəне тазалау
●
Жұмсақ жəне құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
●
3D көзілдірігін шаңды немесе лас жұмсақ шүберекпен сүрту көзілдірікті тырнауы мүмкін. Пайдаланудан бұрын
шүберектен шаңды қағыңыз.
●
3D көзілдірігіне бензол, еріткіш немесе балауыз қолданбаңыз, қолдансаңыз бояуы кетіп қалуы мүмкін.
●
3D көзілдірігін тазалаған кезде су сияқты сұйықтыққа батырмаңыз.
●
3D көзілдірігін қатты ыстық немесе жоғары ылғалды жерлерде сақтамаңыз.
●
Сұйық кристалдық ысырмалар (линза) сынғыш жəне оңай бұзылғыш келеді, сондықтан оларды тазалаған
кезде абайлаңыз.
Comentários a estes Manuais